Accessibility links

АҚШ-та трансгендердің әскерде қызмет етуіне салынған тыйым жойылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ әскери қолбасшылығы трансгендерлерге елдің қарулы күштері қатарында қызмет етуіне салынған тыйымды жойды. Жаңа ереже бойынша, трансгендерлер әскерде жүрген кезінде тиісті медициналық көмек алып, жынысын өзгерте алады.

"Біз азаматтарымыз бен армиямызға дұрыс қарап отырмыз" деді АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер. "Бұл жерде мәселе тамаша қызмет ететін немесе әскерде қызмет ету мүмкіндігін іздеп жүрген талантты америкалықтар туралы болып отыр" деді Картер.

Министр сонымен қатар азаматтардың кәсіби шеберлігіне мән берілу керегін айтты. Жаңа ереже бір жыл ішінде күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG