Accessibility links

Австрия соты президент сайлауына қатысты шешім шығарады


Ван дер Беллен, Австрия президенті сайлауында жеңген, жасылдар партиясының бұрынғы жетекшісі.
Ван дер Беллен, Австрия президенті сайлауында жеңген, жасылдар партиясының бұрынғы жетекшісі.

Австрияның конституциялық соты бүгін елде президент сайлауын екінші қайтара өткізу мәселесіне қатысты шешім шығарады. 22 мамырда өткен президент сайлауының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жасылдар партиясының бұрынғы жетекшісі Александр Ван дер Беллен жеңген. Ол бәсекелесі, әсіре ұлтшыл Еркіндік партиясының өкілі Норберт Хоферден небәрі 1 пайызға жетпейтіндей - 31 мың дауыс артық жинаған.

Бұдан соң Австрия қоғамы екіге жарылып, дауыстарды санау кезінде заң бұзылды деген айыптаулар айтыла бастаған. Еркіндік партиясы дауыс беру Ван дер Белленді қолдаған бюллетендердің көпшілігі почта арқылы келді деп санайтынын мәмімдеп, сайлау нәтижесіне конституциялық сотқа шағымданған.

XS
SM
MD
LG