Accessibility links

Назарбаев Астанадан бірнеше облыстағы кәсіпорынды "іске қосты"


Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің және фармацевтика өндірісінің халық тұтынатын тауарларымен танысып тұрған сәті. Астана, 1 шілде 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанда жасалған» тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіптің және фармацевтика өндірісінің халық тұтынатын тауарларымен танысып тұрған сәті. Астана, 1 шілде 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада тұрып бірнеше облыстағы кәсіпорындарды іске қосты деп хабарлайды ресми ақпраат құралдары.

Астанада бүгін мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасының биылғы алғашқы жарты жылда іске асу қорытындысына арналған жиын өтіп жатыр. Осы жиын кезінде Назарбаев телебайланыс арқылы бірнеше кәсіпорынды "іске қосты". Ол кәсіпорындар арасында Алматыдағы май зауыты мен теміржол біліктері және доңғалақ жасау зауыты, Павлодар облысындағы голландиялық раушан гүлін өсіретін жылыжай кешені бар.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Назарбаев Қазақстанда теміржол доңғалағын жасайтын ауыт алғаш ашылып отырғанын айтқан.

Президент баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында хабарлауынша, Назарбаев шағын несие беру бағдарламасын кеңейту қажетін де мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG