Accessibility links

Ресейде орман өртін сөндіріп жүрген ұшақ жоғалды


Ресейдегі орман өрті (Көрнекі сурет).

Ресейдегі орман өрті (Көрнекі сурет).

Ресейдің Иркутск облысында орман өртін сөндіріп жүрген Ил-76 әскери жүк ұшағымен байланыс үзілді. Ұшақта не болғаны туралы әзірге нақты мәлімет жоқ.

Ұшақ жоғалған болуы мүмкін деген ауданды түтін басып, айнала көрінбейді. Төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөз "Интерфакс" агенттігіне ұшақ әуеде аса биік емес кеңістікте бағытын жоғалтып, ағашқа ілінісіп қалуы мүмкін деген. Соңғы ұшу кезінде экипаж ұшақта қандай да бір ақау бары туралы айтпаған.

Ил-76 таңертеңнен бері екінші рет әуеге көтерілген. Ұшақта экипаж бен құтқарушылар бар - барлығы 10 адам болған. Ұшақты іздеуге Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жіберілген.

XS
SM
MD
LG