Accessibility links

"Жалған терроризм" айыбы тағылған мұғалім ісінде сараптама жасалмақ


"Терроризм актісі туралы жалған ақпарат берді" деп айыпталған мұғалім Юрий Пак сотта тұр. Қарағанды, 16 мусым 2016 жыл.
"Терроризм актісі туралы жалған ақпарат берді" деп айыпталған мұғалім Юрий Пак сотта тұр. Қарағанды, 16 мусым 2016 жыл.

Қарағандыда "терроризм актісі туралы жалған ақпарат берді деп айыпталған мектеп мұғалімі Юрий Пактің сот ісі маңызды сараптама жасалуына байланысты уақытша тоқтатылды. Сараптама нәтижесі мұғалімге үкім шығаруда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Судья Әлия Жошеваның айтуынша, сараптама істі дұрыс шешуге қажет жағдайларға жан-жақты және шынайы зерттеу жүргізу үшін жасалмақ. Судья тағайындалған қосымша сот фонографиялық, сот компьютерлік-технологиялық сараптаманы мұғалім мен оның адвокаты сұраған дейді. Сарапшыларға "полицияға шалынған телефон қоңырауындағы дауыс пен сөз сотталушының даусына ұқсай ма, аудио монтаждалмаған ба, төтенше жағдайлар қызметіне телефон қоңырауы қалай терілді: сенсордан саусақпен терілді ме әлде қашықтан терілді ме" деген сұрақтарға жауап табу тапсырылған. Сарапшылар сонымен қатар телефонға сырттан немесе қашықтан бөтен адам қосылған ба, қоңырау қандай жағдайда шалынды деген сияқты сұрақтарды да анықтауы керек.

"Жалған терроризм актісі" айыбы тағылған физика пәні мұғалімі Юрий Пактің қоғамның назарын аударған. Пак бір жылдан астам уақыттан бері өзінің полицияға қоңырау шалмағанын дәлелдеуге тырысып келеді. Тергеушіңердің мәліметінше, 2015 жылы Пак полицияға қоңырау шалып, Орталық әмбебап сауда үйіне бомба қоймақ ниеті барын хабарлаған. Тергеушілер сол күні ғимараттан үш мың адам эвакуацияланған дейді. Сотталушы айыбын терістеп, телефонына әлдебіреулер қашықтан қосылып, бомба туралы хабарлаған болуы мүмкін дейді.

Сотқа жәбірленушілер ретінде Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті және жедел жәрдем қызметі тартылған. Олар өздеріне материалдық және моральдық шығын ретінде 55 мың теңгеге дейін ақша өндіріп беруді сұрайды. Сауда үйінің әкімшілігі шағым түсірмеді.

XS
SM
MD
LG