Accessibility links

БАҚ: Таразда оқ тиіп ауыр жараланған күдікті ауруханада қаза болған


Тараз қаласы, 7 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Тараз қаласы, 7 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Таразда полиция қызметкерін жаралаған деген күдікке ілінген жігіт жергілікті ауруханада көз жұмған. Бұл туралы жұма күні қазақстандық баспасөз құралдары хабарлады. Бірақ оның нақты қай күні қайтыс болғаны айтылмайды.

Осыдан екі аптадай бұрын Таразда оқ тиіп ауыр жараланған 24 жастағы күдікті ауруханаға жеткізілген еді. Кейін билік оны екі адамды (бірі – полиция өкілі) жаралаған деген айыппен тұтқынға алуға санкция бергені хабарланған.

Дәрігерлердің баспасөз құралдарына айтуынша, оқ тиіп жараланған күдіктінің бұрыннан бар асқазан жарасы да асқынып, денсаулық жағдайына кері әсер еткен.

19 маусымда Тараздың 6-шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірін полиция қоршауға алып, тұрғындар эвакуацияланған. Жергілікті ақпарат құралдары қарудан оқ атылып, полиция қызметкері мен күдікті адам ауыр жараланып, ауруханаға түскені туралы хабарлаған. Кейін Жамбыл облыстық полиция департаменті күдіктінің «кезінде қылмысқа қатысы болған» адам ретінде есепте тұрғанын, бірақ оның «діни экстремистік іс-әрекетке араласы жоғын» мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG