Accessibility links

Даккада полиция қарулы топ кепіліндегі адамдарды босатқаны хабарланды


Полиция қарулы топ бейбіт адамдарды кепілге алған кафе маңында тұр. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.
Полиция қарулы топ бейбіт адамдарды кепілге алған кафе маңында тұр. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.

Бангладеш қауіпсіздік қызметі Дакка қаласында қарулы топ басып алған кафені шабуылмен алып, онда кепілге алынған адамдарды босатты деп хабарланды. Арнайы операция сенбі күні таңертең басталған.

Полицияның мәліметі бойынша, кепілден босатылған 12 адамның арасында төрт шетелдік бар. Бұған дейін Италия ресми өкілдері қылмыскерлер кепілге алғандар арасында жеті италиялық азамат барын растаған. Кепілге алынғандар саны және олардың қаншасы зардап шеккені туралы нақты ақпарат жоқ.

Жұма күні Бангладеш астанасында қарулы бірнеше адам дипломатиялық өкілдіктер орналасқан маңдағы кафеге басып кіріп, ондағы адамдарды кепілге алғаны туралы хабарланған. Биліктің экстремистермен келіссөз өткізіп, кепілдегілерді босатуға көндіруге талпынысы нәтиже бермеген.

Бұдан соң кафені шабуылмен алмақ болған полицияның алғашқы әрекеті сәтсіз болып, екі полиция өкілі оққа ұшқан.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Даккадағы кафеге шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG