Accessibility links

Қазақстанда банкоматтар саны бес пайызға азайған


Банкоматтан ақша алып тұрған адам. Алматы, 21 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Банкоматтан ақша алып тұрған адам. Алматы, 21 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда мамырдағы мәлімет бойынша, соның алдындағы бір жылдық кезеңмен салыстырғанда банкомат саны 5 пайызға азайып, 9771-ден 9304-ке түскен. Бұл туралы Ranking.kz қаржы-экономикалық талдау сайты хабарлады.

Елдегі банкоматтардың жартысы негізінен төрт аймақта – Алматы (19,3%), Астана (10,7%), Қарағанды облысы (8%) және Шығыс Қазақстан облысында (7,8%) шоғырланған.

Мамыр айының соңындағы мәліметке сай, елде 15 миллионға жуық төлем картасы бар. Карта иелерінің саны – 13,9 миллион адам.

Биылғы мамырдағы транзакциялар көлемі соның алдындағы бір жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,8 пайызға ұлғайып, 827,9 миллиард теңгені құраған.

Қолма-қол ақшасыз банкомат арқылы банк картасымен төлем жасау көрсеткіші 1 миллион 185,8 мың транзакцияны немесе 15 миллиард 857,7 миллион теңгені құраған. Аталған кезең ішінде банкоматтар арқылы 600 миллиард 852,7 миллион теңге қолма-қол ақша берілген.

XS
SM
MD
LG