Accessibility links

Даккада кафедегілерді кепілге алған кезде 20 бейбіт адам өлген


Полиция қызметкерлері қылмыскерлер тобы адамдарды кепілге алған кафе маңында тұр. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.

Полиция қызметкерлері қылмыскерлер тобы адамдарды кепілге алған кафе маңында тұр. Дакка, Бангладеш, 2 шілде 2016 жыл.

Бангладеш астанасы Дакка қаласында кафедегі адамдарды кепілге алған оқиға барысында 20 бейбіт адам қаза болған. Әскерилердің мәліметі бойынша, жұма күні кешкісін содырлар кафені басып алған соң әлгі адамдардың көпшілігін өткір қарумен өлтірген.

Сенбі күні таңертең Бангладеш қауіпсіздік қызметі кафені шабуылмен алған соң онда кепілде болған 13 адам (үшеуі – шетелдік) босатылған. Алты күдіктінің көзі жойылған.

Полицияның хабарлауынша, кепілге алынғандарды азат ету операциясы аяқталған. Бірақ қылмыскерлердің кейбірі қашып кеткен деген күдік бар. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Бангладештегі кафеге шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG