Accessibility links

Ресейде Ил-76 ұшағы құлаған орын анықталды


 Ил-76 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ил-76 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Иркутск облысындағы Качуг ауданы аумағында жұмадан бері хабарсыз кеткен Ил-76 ұшағының сынықтары табылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Иркутск облысы бойынша өкілінің «Интерфакс» агенттігіне хабарлауынша, ұшақ қалдықтарын бүгін түнде Рыбный Уян кентінен оңтүстікке қарай 4 шақырымдай жердегі шоқылардың бірінің баурайынан тапқан.

Ұшақ апаты болған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар фюзеляжы толық қираған ұшақтың тек артқы бөлігі ғана қалғанын хабарлаған.

Ұшақ құлаған жерде орман өртеніп жатыр. Өртке құлаған ұшақ себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Ұшақ түгелдей жанып кеткен.

Құтқарушылар ұшақта болғандардың сүйектерін әзірше таба алмай жатыр.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі Ил-76 ұшағында 10 адамнан тұратын экипаж болған. Ормандағы өртті өшірумен айналысып жүрген ұшақ өткен жұма күні таңертең екінші қайтара әуеге көтерілген соң көп ұзамай хабар-ошарсыз кеткен.

XS
SM
MD
LG