Accessibility links

Киевте коммуналдық қызмет бағасының өсуіне қарсылық шеруі өтіп жатыр


Киевтегі наразылық шеруі. 6 шілде 2016 жыл.
Киевтегі наразылық шеруі. 6 шілде 2016 жыл.

Киевте коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтердің, солардың арасында тұрмыстық газ бағасының қымбаттауына да қарсы бүкілукраиналық наразылық шеруі өтіп жатыр деп хабарлайды 112.ua телеарнасы. Акцияға қатысу үшін Киевке Украинаның көптеген қалаларынан адамдар келген. Екі колонна болып сап түзеген наразылар парламент отырысы басталуы тиіс Жоғарғы рада ғимаратына шерумен шыққан. Наразылық шеруі салдарынан қала орталығында автокөлік қозғалысы тоқтаған.

Наразылар тарифтер бағасын арзандату, сонымен бірге ең төменгі еңбекақы мөлшерін 3067 гривнаға дейін көтеру туралы талап қойған деп хабарлайды телеарна.

Украинада мамырдың 1-інен бастап газ бағасы қымбаттаған. Бір текше метр газ бағасының шекті бағасы 6879 гривна болып белгіленген. Сонымен бірге шілде айынан бастап жылу мен ыстық су бағасы да едәуір мөлшерге қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG