Accessibility links

FAZ: Еуропада босқын атын жамылып келген терроршылар бар


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы аумағында босқын атын жамылып келген «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын жақтайтын кемінде 17 адам бар. Бұл туралы сенбі күні германиялық Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) басылымы жариялаған сұхбатта Германияның конституцияны қорғау жөніндегі федералдық қызметінің басшысы Ханс-Георг Масен мәлімдеген.

Ол мұндай мәліметтің шындығын растайтын «бұлтартпайтын дәлелдер» барын айтады. Жихадшылар жетекшілері берген бұйрықты орындап әрекет ететін террористердің көпшілігі түрмеде немесе көздері жойылған. Олардың екеуі 2015 жылы қарашада Франция астанасында жасалған террорлық шабуылдар кезінде өлген.

Deutsche Welle баспасөз құралының хабарлауынша, маусым айында Германия арнайы қызметі елдің үш аймағынан үш терроршыны қолға түсірген. Полиция ұсталған үшеуі Дюссельдорф қаласы орталығында теракт жасамақ болған дейді.

XS
SM
MD
LG