Accessibility links

Холокост азабын көрген Нобель сыйлығы иегері дүниеден өтті


Жазушы Эли Визель. Женева, 21 сәуір 2009 жыл.

Жазушы Эли Визель. Женева, 21 сәуір 2009 жыл.

Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, америкалық және француз еврей жазушысы, журналист, қоғам қайраткері, профессор Эли Визель Нью-Йоркте 87 жасында қайтыс болды. Нацистік концлагерь азабын басынан өткерген ол Холокост туралы шындықты әйгілеген істерімен танылған.

1985 жылы Эли Визельге АҚШ Конгресінің Алтын медалі табыс етілген. Ол әдебиетшілік, қоғамдық және ағартушылық қызметтері үшін көптеген сыйлықтармен марапатталған.

1965 жылы Совет одағын аралаған Эли Визель ондағы еврейлердің жағдайымен танысқан. Сол жолы мыңдаған СССР азаматтарымен кездесуде көріп, естігендерін және сапардан алған әсерін қағазға түсіріп, «Үнсіздік еврейлері» деген кітап жазған Визель халықаралық қауымдастықты СССР еврейлеріне көмектесуге, совет билігінің саясатына наразылық білдіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG