Accessibility links

Пәкістанда қатты тасқын мешітті адамдарымен қоса шайып әкеткен


Пәкістанда 2015 жылы шілдеде тасқын су басқан жолмен кетіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)
Пәкістанда 2015 жылы шілдеде тасқын су басқан жолмен кетіп бара жатқан адамдар. (Көрнекі сурет.)

Пәкістанның солтүстігінде, Ауғанстанмен шекара маңындағы Читрал уәлаятында тасқын салдарынан кемінде 30 адам мерт болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, нөсермен келген тасқын Арсун кентінде мешітті ішіндегі адамдарымен қоса және бірнеше үйді шайып әкеткен.

Тасқын астында қалған полицияның сегіз қызметкері де табылмай жатыр деп хабарланды.

Былтыр да осы ауданда күшті тасқыннан адамдар опат болып, дүние-мүлік бүлінген еді.

XS
SM
MD
LG