Accessibility links

Ресей Ил-76 ұшағы құлаған аймақтан төртінші адамның сүйегін тапқан


Апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының жерде жатқан сынықтары. Иркутск облысы, Ресей, 3 шілде 2016 жыл.

Апатқа ұшыраған Ил-76 ұшағының жерде жатқан сынықтары. Иркутск облысы, Ресей, 3 шілде 2016 жыл.

Ресейдің Иркутск облысында төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) Ил-76 ұшағы құлаған жерден құтқарушылар экипаждың төртінші мүшесінің сүйегін тапқаны жөнінде ТАСС агенттігіне ТЖМ жедел штабынан хабарлаған. Мұның алдында ұшақ апатынан қаза тапқан үш адамның денелері табылғаны хабарланған.

Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін ТЖМ жедел штабынан ұшақ құлаған жердегі апат белгілеріне қарағанда, экипаж құрамындағы 10 адамнан ешкім тірі қалмағанға ұқсайды деген болжам айтылған еді.

Ормандағы өртті сөндірумен айналысып жүрген Ил-76 ұшағы шілденің 1-і күні хабар-ошарсыз кеткен. Өткен түнде Рыбный Уян кентінен оңтүстікке қарай 4 шақырымдай жердегі шоқылардың бірінің баурайынан ұшақ қалдықтарын тапқан. Сол маңнан ұшақтағы екі «қара жәшіктің» бірі табылған.

Жердегі ұшақ қалдықтарын ормандағы өртті зерттеп жүрген орман қорғау қызметінің Ми-8 тікұшағы байқаған. Түк қалмай жанып кеткен ұшақтың тек артқы бөлігі ғана қалған.

XS
SM
MD
LG