Accessibility links

Бағдаттағы жарылыстардан мерт болғандар саны 75 адамға жетті


Жарылыстан кейін өртеніп жатқан маңда тұрған адамдар. Бағдат, Ирак, 3 шілде 2016 жыл.
Жарылыстан кейін өртеніп жатқан маңда тұрған адамдар. Бағдат, Ирак, 3 шілде 2016 жыл.

Ирак астанасында жексенбіге ауған түні болған екі жарылыстан қаза тапқандардың саны 75 адамға жеткен. Бұл туралы Ирактың ресми өкілдері хабарлаған.

Өткен түні Бағдаттың орталығындағы әл-Каррада ауданында автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған, арада біршама уақыт өткенде қаланың солтүстік бөлігінде екінші жарылыс болған. Дүкендер мен дәмханалар жиі орналасқан әл-Каррада ауданындағы жарылыс оразадағы ауызашардан кейін адам қарасы көбейген шақта жасалған.

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы Бағдаттағы жарылыстарға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген.

Жарылыстар бірталай уақыттан бері ИМ тобы бақылауында ұстап келген Фаллуджа қаласын үкімет әскері экстремистерден қайтарып алған соң бір аптадан кейін жасалып отыр.

XS
SM
MD
LG