Accessibility links

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қайтыс болды


Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 55 жасқа қараған шағында мезгілсіз қайтыс болды. Бұл туралы суыт хабарды бүгін Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Twitter желісіндегі парағында жариялады.

"Салидат Зекенқызы Қайырбекованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамын" деп жазған Мәсімов.

Бұған дейін экс-министрдің инсульт алғаннан кейін ауруханаға түсіп, хал үстінде жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Салидат Қайырбекова 2010 жылдың қазан айынан Қазақстанның денсаулық сақтау министрі, 2014 жылғы тамыздан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. 2015 жылғы қазан айында ол «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жетекшісі болып тағайындалған еді.

XS
SM
MD
LG