Accessibility links

Еуро-2016. Жартылай финалистер белгілі болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды.

3 шілдеде өткен соңғы ширек финал матчында Франция Исландияны 5:2 есебімен жеңді. Енді Франция құрамасы жартылай финалда 2014 жылғы әлем чемпионы Германиямен кездеседі. Бұл матч 7 шілдеде өтеді.

Ал 6 шілдеде Уэльс пен Португалия екінші финалдық жолдаманы сарапқа салады.

Еуропа чемпионатының финалы 10 шілде күні Парижде өтеді. 2012 жылғы Еуропа біріншілігін Испания құрамасы жеңіп алған. Биыл Испания 1/8 финалда Италиядан жеңіліп, атағын қорғай алмады.

XS
SM
MD
LG