Accessibility links

Кувейт ИМ шабуылының алдын алғанын мәлімдеді


Кувейт туы (Көрнекі сурет).

Кувейт туы (Көрнекі сурет).

Кувейт билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобы жоспарлаған үш террорлық шабуылдық алдын алғандарын мәлімдеді.

Елдің ішкі істер министрлігі үш операция ұйымдастырылғанын және бірнеше "ИМ мүшелерінің" ұсталғанын хабарлады.

Министрліктің дерегінше, күдіктілер елдегі мешіттердің бірін және ішкі істер министрлігінің ғимаратын жармақ болған. Кувейт ұлттық мұнай компаниясы елдегі мұнай объектілерінде күзетті күшейтуге нұсқау берді.

XS
SM
MD
LG