Accessibility links

Путин Ұлттық гвардия құру туралы заңға қол қойды


Владимир Путин.
Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Ұлттық гвардия құру туралы заңға қол қойды. Гвардия бұрынғы Ресей ішкі істер министрлігі ішкі әскерінің базасында құрылады.

Жаңа құрылған гвардияның қызметіне төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризммен күрес, мемлекет шекарасы мен мемлекеттік объектілерді күзету жатады.

Сондай-ақ қабылданған заңға сай ұлттық гвардияны көтерілістерді басу кезінде, мемлекеттік объектілерге шабуыл жасағанда, терроризмде қолдануға болады. Ұлттық гвардияның базасын құпия сақталады.

XS
SM
MD
LG