Accessibility links

Ақтөбедегі терактіге байланысты 9 адам 2 айға қамалды


Ақтөбедегі шабуыл жасалған Паллада қару-жарақ дүкенінің алдында тұрған полиция.
Ақтөбедегі шабуыл жасалған Паллада қару-жарақ дүкенінің алдында тұрған полиция.

Ақтөбеде "Паллада" қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөлімшесіне шабуыл жасаған тоғыз адам екі айға қамалды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақтөбе қалалық №2 сотына "Паллада" қару-жарақ дүкені мен №6655 әскери бөліміне қарулы шабуылға қатысқан 16-29 жас аралығындағы тоғыз адамға қатысты қамауға алу туралы өтініш келіп түсті және ол өтініш қанағаттандырылды" делінген хабарламада.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG