Accessibility links

Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді


Астананың миллионыншы тұрғыны мен оның ата-анасын қала әкімі Әсет Исекешов құттықтауға келді. 4 шілде 2016 жыл. (Сурет Астана әкімдігі баспасөз қызметінен алынды).

Астананың миллионыншы тұрғыны мен оның ата-анасын қала әкімі Әсет Исекешов құттықтауға келді. 4 шілде 2016 жыл. (Сурет Астана әкімдігі баспасөз қызметінен алынды).

Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сәби Астанадағы №1 перинатальды орталықта түнгі 1-де дүниеге келген. Баланың анасы 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр қаладағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші, әкесі 24 жастағы Олжас Мұхамедияр "Астана-РЭК" мекемесінде электрмонтер болып жұмыс жасайды. Астананың миллионшы тұрғынына ата-анасы Саида деп ат қойған.

Астана әкімі Әсет Исекешов жас отбасыға пәтер кілтін табыстады

XS
SM
MD
LG