Accessibility links

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды


Ақтөбе картасы.

Ақтөбе картасы.

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан президенті Назарбаевтың. қалалық маслихат депутаттарының келісімімен Ілияс Испановты Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайтында хабарланған.

40 жастағы Испанов Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Испанов бұл қызметке дейін Қазақстан Қаржы министрлігінің комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Бас прокуратурасының қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті басшысы болып жұмыс жасаған,

Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі Бекбол Сағын басқа жұмысқа ауысқан.

XS
SM
MD
LG