Accessibility links

Түркияда Қырғызстан төлқұжатымен екі адам ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Стамбулдағы Ататүрік әуежайында Қырғызстан төлқұжатымен екі адам ұсталған. Бұл туралы түркиялық Hurriyet газеті хабарлады.

Екі ер адам Стамбулға Украинадан ұшып келген. Бірінің қолында - Ресей мен Қырғызстан төлқұжаты, біреуінің қолында тек қырғыз төлқұжаты болған.

Ұсталғандарды тексеру кезінде төрт дүрбі, үш әскери форма, үш қырғызстандық жеке куәлік, бес туу туралы куәлік табылған.

Түркия полициясының ұсталғандар "Ислам экстремистік" тобымен байланысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

XS
SM
MD
LG