Accessibility links

Теңізге құлаған EgyptAir жолаушыларының денесі табылды


Egypt Air ұшағы
Egypt Air ұшағы

John Letbridge іздеу кемесі Жерорта теңізінің түбінен Egypt Air компаниясы A320 рейсінде болған жолаушылардың біразының денесін тауып, оларды сыртқа шығарды.

Мерт болғандардың денесі тиелген кеме қазір Александрия қаласына бара жатыр. Кеме мәйіттерді Египет билігіне тапсырып, ұшақ құлаған аймаққа барып, іздеу жұмыстарын жалғастырады.

19 мамырда MS804 рейсімен Парижден Каирге ұшып шыққан ұшақ Египеттің солтүстік жағалауларынан 290 километр қашықтықта апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 66 адам түгел мерт болған. Апат себептері әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG