Accessibility links

Тұрсын Жұртбай: 1916 жыл жайлы кітаптар басылмай жатыр


Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай. Астана, 4 шілде 2016 жыл.

Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай. Астана, 4 шілде 2016 жыл.

Ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай құрастырылған 4 томдық жинақтың басылмай жатқанын Азаттыққа хабарлады. Оның сөзінше, баспа қаржы жоқтығын айтқан.

Тұрсын Жұртбай "биыл Қазақстанда 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің атап өтілу рухы сезілмейді" деген пікірде.

1916 жылы Бүкілресей императоры Екінші Николайдың Астрахань губерниясы мен Сібірдегі және Орта Азиядағы «бұратана» жұрттарды майдандағы армияның қорғаныс құралдарын салуға мобилизациялау жайлы жарлығы шығып, 19-43 жас аралығындағы 400 мың адамды қара жұмысқа тартпақ болды.

Бұл жарлықтан кейін Қазақстанда және Орталық Азияда ірілі-ұсақты көтерілістер болды. Патша үкіметі мұндай көтерілістерді басу үшін жазалаушы отрядтар жіберіп, мыңдаған көтерілісшіні түрмеге қамап не өлім жазасына кесіп, жүз мыңдаған адамды көрші елдерге бостырды. Қазақ даласындағы бұл көтеріліс 1917 жылы Екінші Николай император тақтан құлағанға дейін жалғасты.

XS
SM
MD
LG