Accessibility links

Ақтөбе облысы ҰҚКД басшысы ауысты


Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (ҰҚКД), Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл.

Ақтөбе облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (ҰҚКД), Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекшісі болып Марат Ирменов тағайындалды. Ол бұған дейін осы департамент басшысының бірінші орынбасары болған.

Ақтөбе облысы ҰҚКД бұрынғы басшысы Нұрлан Қыдырбаев жақында жұмыстан кеткен. Ол департаментті 2011 жылдан бері басқарып келген.

Департамент басшысы Ақтөбеде болған терактіден бір ай өткен соң болып отыр. 5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG