Accessibility links

Астана әкімдігі халық өсімін легализациямен түсіндіреді


Астана қаласы.
Астана қаласы.

Астана ішкі саясат басқармасы мәлімдеуінше, жарты жыл уақытта қала халқының саны 128800-ге артқан.

Әкімдік берген түсініктемеде, мүлік легализациясы мен көлеңкелі экономикадан шығу бағдарламалары нәтижесінде сауда-саттық орталықтары, өндіріс орындары жетекшілері есепке алынбаған жұмысшыларын көші-қон органдарына тіркей бастаған. Жыл басынан 61 300 адам есепке алынған.

«Сонымен бірге, 2015-2016 жылғы электоралды компания кезіндегі үйлер мен пәтер аралап, тұрғындарды есепке алу шарасы оң әсер етті», - делінген Астана әкімдігі ақпаратында.

Жыл басынан бері Астанада 871 200 адам тіркеуге тұрған. Аталған шаралар нәтижесінде 1 шілдеде астаналықтар саны 999780 адамға жеткен.

4 шілдеде әкімдік Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келгенін хабарлаған. Жергілікті билік Астана күні қарсаңында туған сәбидің отбасына пәтер сыйға тартқан.

XS
SM
MD
LG