Accessibility links

Ресей ТЖМ: Ил-76 ұшағында техникалық ақау болмаған


Иркутск облысында құлаған Ил-76 ұшағының бөлшегі.

Иркутск облысында құлаған Ил-76 ұшағының бөлшегі.

Иркутск облысында құлаған Ил-76 ұшағы техникалық жүйесі дұрыс жұмыс істеген және ешқандай ақау болмаған. Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар министрі Владимип Пучков мәлімдеді.

Әуе апатын зерттеу комиссиясының өкілі жергілікті телеарналарға ұшақ құлағанға дейін экипаж мүшелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп, барлық жағдайды хабарлап отырған. Ұшақ бортында ешқандай төтенше жағдай туралы хабарланбаған.

Иркутск облысындағы орманда өртті сөндіріп жүрген Ил-76 ұшағымен байланыс 1 шілдеде үзілген. 3 шілдеде құтқарушылар құлаған ұшақ қалдықтарын тапты. Борттағы 9 экипаж мүшесінің барлығы мерт болды.

XS
SM
MD
LG