Accessibility links

Астанада үлескер өзін-өзі өртемек болды


"Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова балконда үстіне бензин құйып жатқан сәті.
"Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова балконда үстіне бензин құйып жатқан сәті.

Астана орталығындағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова үшінші қабаттағы өз пәтерінің балконында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болған.

Цветкованың айтуынша, ол екі жыл бұрын Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін тоғыз миллион теңге құйған. Бірақ үй әлі салынбаған, ақшасын да қайтармаған.

Цветкова "төзімі таусылғаннын, өзін-өзі өртеуден басқа амал қалмағанын" айтады.

Оқиға орнына арнайы қызмет, полиция және "Ата-Кент" компаниясы директоры міндетін атқарушы Қайрат Бодаухан келген. Бодаухан Цветковаға жеті күннің ішінде құйған қаржысын қайтарып беретіні туралы қолхат жазып берген. Осыдан кейін ол қарсылық шарасын тоқтатты.

XS
SM
MD
LG