Accessibility links

Тәжікстан азаматы адам саудасы күдігімен ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжіктсан бас прокуратурасы 41 жастағы ел азаматы Хадиджа Азиззоданың үстінен адам саудасымен айналысты деген айыппен қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметіне прокуратура өкілі Жамшед Мелибоев мәлімдеген. Оның айтуынша, Азиззода тәжік қыздарына жұмыс тауып беремін деп, Түркияға алып кеткен. Кейін қыздарды Түркияда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Азиззода Түркияда ұсталып, Тәжікстанға депортацияланған.

XS
SM
MD
LG