Accessibility links

EgyptAir ұшағы құлар алдында ұшқыштар өртті сөндірмек болған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жерорта теңізіне құлаған EgyptAir әуе компаниясы ұшағының «қара жәшігіндегі» аудиотаспа деректеріне қарағанда, апат алдында ұшқыштар ұшақ бортындағы өртті сөндіруге тырысқан. Бұл туралы тергеумен байланысы бар дерек көзі хабарлаған. «Қара жәшіктегі» деректің растығын дәлелдейтін айғақтар да бар екені айтылады. Апаттан соң табылған ұшақ сынықтарында жоғары температурадағы өрт іздері мен күйе қалғаны хабарланды.

Мамырдың 19-ы күні Парижден Каирге бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондағы 66 адам түгел қаза болған. Ұшақтан апат туралы белгі берілмеген. Ұшақтың «қара жәшігіндегі» деректерді зерттеп жатқан сарапшылар әзірше апаттың себебі туралы нақты байлам жасаған жоқ деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG