Accessibility links

АҚШ-та мұнай бағасы бес пайызға жуық арзандады


Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі мұнай платформасы. (Көрнекі сурет.)
Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі мұнай платформасы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та өндірілетін мұнайдың баррелінің бағасы сейсенбі күні бес пайызға төмендеп, 46 доллар 60 центке түскен, ал Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы төрт пайыздан артыққа арзандаған – 47 доллар 96 центті құрады.

Биылғы ақпаннан бері мұнай бағасының елеулі түрде құлдырауына Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығатыны туралы референдум нәтижесінен соң экономикалық өсім болашағына қатысты алаңдаушылық және АҚШ-тағы өндірілген мұнай қорының ұлғайғаны туралы күтпеген жаңа мәліметтердің жариялануы әсер етіп отыр.

Жыл басынан бері Канада мен Нигериядан мұнай көлемінің азаюы, сонымен бірге АҚШ-тағы тақтатас кеніштеріндегі мұнай бұрғыларының саны күрт кемігені туралы хабарлар аясында мұнай котировкаларының бағасы 80 пайызға көтерілген еді.

Бірақ, соңғы деректерге қарағанда, мамыр айында ОПЕК ұйымына мүше елдердегі мұнай өндірісінің көлемі Нигерияның үлесі арқасында көбейген. Ливия мұнай экспортын арттыруды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Reuters агенттігінің хабарлауынша, тақтатас кенішінен шикізат өндіретін америкалық 30 ірі өндірушінің 17-і соңғы кезде мұнайды өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін бағамен сату туралы ұзақ мерзімді келісімдер жасасқан.

XS
SM
MD
LG