Accessibility links

Ұлыбритания Ресеймен қатынас жайлы баяндама жариялады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Варшавада НАТО саммитінің басталуына үш күн қалғанда Ұлыбритания парламентінің қорғаныс жөніндегі комитеті «Ресей: Біріккен Корольдіктің қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін салдары» атты жаңа баяндамасын жариялады. НАТО саммитіндегі басты тақырыптардың бірі – альянстың Ресейге қатысты ортақ стратегиясын түзуге арналады.

Британ парламенті 2009 жылдан бері мұндай құжатты алғаш жариялап отыр. Онда Қырым түбегін Ресейдің аннексиялап алуы және Украинаның шығысындағы дағдарыстан кейін Ресеймен қатынас күрделі сипат алып отырған шақта британ армиясы мен НАТО күштерін дамыту мәселелеріне көп назар бөлінген деп хабарлайды ВВС.

Құжат мәтінінде сонымен бірге Батысқа Кремльдің шешім қабылдау механизмдері, оның стратегиясы түсініксіз қалып отырғаны атап көрсетілген. Жағдайды түзеу үшін британ парламенті үкіметтің талдау-сараптау мүмкіндігін дамытып қана қоймай, сонымен бірге Мәскеумен кейбір салаларда, мәселен, терроризмге қарсы күресте әскери және саяси ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынған.

XS
SM
MD
LG