Accessibility links

Йеменде жарылыстан бірнеше адам қаза тапқан


Аденде теракт болған жерде тұрған адамдар. Йемен, 23 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Аденде теракт болған жерде тұрған адамдар. Йемен, 23 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Йеменнің оңтүстігіндегі Аден қаласында әуежай маңындағы әскери базада болған жарылыстардан кемінде бес адам қаза тапқан.

Жергілікті дерек көздерінің айтуынша, әскери базаға шабуылдағандар автокөліктегі бомбаны жарып жіберген.

Әзірше шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Йеменде қарулы жанжал жалғасып жатқанына екі жыл болған. Иран жақтайтын шииттік хусит көтерілісшілері мен Йемен экс-президенті Әли Абдолла Салехке берілген әскердің бөлігі Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хадиді қолдайтын күштер мен оларға жәрдемдесетін Сауд Арабиясы бастаған коалицияға қарсы шайқасып жатыр.

XS
SM
MD
LG