Accessibility links

Қырғызстанда жалған паспорттар қайдан шыққанын анықтап жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қырғызстан мемлекеттік тіркеу қызметінің Түркияда мамырдың 17-і күні Қытай азаматтарынан және шілденің 3-і күні Украинадан келген жолаушылардан тәркіленген жасанды қырғыз паспорттарына қатысы жоқ деп мәлімдеген мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Тайирбек Сарпашев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Оның айтуынша, аталған құжаттар Қырғызстаннан тыс жерде жасалған болуы мүмкін. «Жасанды паспорт проблемасы жалғыз бізде ғана емес, өзге мемлекеттерде де бар. Сондықтан біз иесі жөнінде биометрикалық мәліметтері бар паспорт енгізгіміз келеді. Егер құжаттар сондай болса, онда паспортты қолдан жасау проблемасы шешілер еді» дейді Сарпашев.

3 шілдеде Стамбулдағы Ататүрік әуежайында Украинадан келген екі жолаушы ұсталған. Олардың бірінен үш жеке куәлік және бес туу туралы куәлік табылған.

Оның алдында, 17 мамырда тағы да сол әуежайда Джиддаға Қырғызстан паспорты бойынша ұшпақ болған Қытайдың 98 азаматы ұсталған еді.

XS
SM
MD
LG