Accessibility links

Бағдатта 3 шілдедегі шабуылдардан өлгендер саны 250 адамға жеткен


Теракті құрбанының сүйегін көтеріп бара жатқан адамдар. Бағдат, 4 шілде 2016 жыл.

Теракті құрбанының сүйегін көтеріп бара жатқан адамдар. Бағдат, 4 шілде 2016 жыл.

Бағдатта шілденің 3-іне қараған түні жасалған жарылыстардан қаза тапқандар саны 250 адамға жеткен. Жүздеген адам жараланған. Ирак ішкі істер министрі Мохаммед Габбан отставкаға кетуге өтініш берді, бірақ ел премьер-министрі Хайдер әл-Абади оның өтінішін әлі қабылдаған жоқ, мемлекет басшысы кеңсесінен де ешқандай түсініктеме болған жоқ.

Бұл Иракта Саддам Хусейн режимі биліктен кетірілген 2002 жылдан бергі кезеңдегі ең үлкен қантөгіске әкелген шабуыл болды. Елдің көптеген тұрғындары қауіпсіздік қызметінің нашар жұмысына наразы. Жарылыс болған жерге барған премьер-министрдің кортежіне наразы жұрт тас лақтырған деп хабарлайды «Әл-Жазира» телеарнасы.

Бағдаттағы шабуылдарға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алатынын мәлімдеген.

Бұған дейін Бағдат орталығында шілденің 3-іне қараған түні жүк көлігіне орнатылған бомба жарылып, сәлден кейін ораза кезіндегі ауызашардан соң жұрт аяғы басылмаған шақта базарда екінші жарылыс болғаны хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG