Accessibility links

Қаза тапқан бизнесменнің әке-шешесі наразылық танытты


Владимир мен Валентина Тарасовтар қаза тапқан ұлдары Григорий Тарасовтың қазасын дұрыс тексеруді талап етіп тұр. Өскемен, 6 шілде 2016 жыл.
Владимир мен Валентина Тарасовтар қаза тапқан ұлдары Григорий Тарасовтың қазасын дұрыс тексеруді талап етіп тұр. Өскемен, 6 шілде 2016 жыл.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка ауылының тұрғындары, ерлі-зайыпты зейнеткерлер Владимир мен Валентина Тарасовтар қаза тапқан ұлдары Григорий Тарасовтың қазасын дұрыс тексеруді талап етіп, бүгін таңғы сағат 10-да жеті сағаттық акция бастады.

2013 жылы 39 жасында көз жұмған кәсіпкер ұлдарының өлімін тексеруге наразы азаматтар 1 шілдеде облыстық және бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне хат жазған. Тарасовтар бұған дейін тергеу тобы бастығын ауыстыртқызған. Тергеушілер "Григорий Тарасов жазатайым қаза тапқан", дейді, ал оның жақындары "баламызды бизнесін тартып алу үшін бір топ адам өлтірген" деп біледі.

Ерлі-зайыптылар бүгінгі акциялары бейбіт, полицияның араласуынсыз өтіп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG