Accessibility links

Паралимпиада чемпионы Оскар Писториус адам өлтіргені үшін 6 жылға сотталды


Паралимпиада ойындары чемпионы Оскар Писторус Оңтүстік Африка республикасының жоғарғы апелляциялық сотында. 15 маусым 2016 жыл.

Паралимпиада ойындары чемпионы Оскар Писторус Оңтүстік Африка республикасының жоғарғы апелляциялық сотында. 15 маусым 2016 жыл.

Оңтүстік Африкада сот белгілі спортшы Оскар Писториусты адам өлтіргені үшін айыпты деп танып, алты жылға түрмеге қамауға үкім етті.

Бұған дейін 2014 жылы Претория соты 29 жастағы паралимпиада ойындарының алты дүркін чемпионы Оскар Писторусты өзінің таныс қызы Рива Стинкампты байқаусызда өлтіріп алғаны үшін айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Бір жылдан соң ол түрмеден үйқамаққа ауыстырылған.

2015 жылы желтоқсанның 3-і күні Оңтүстік Африка республикасының жоғарғы апелляциялық соты прократураның сұрауын қанағаттандырып, Оскар Писториус Рива Стинкампты қасақана өлтірген деген қаулы шығарған. Соның негізінде қылмыстық істі қайта қарауға төменгі деңгейдегі сотқа жолдаған еді.

XS
SM
MD
LG