Accessibility links

АҚШ президенті Барак Обама өзінің президенттік уақыты біткенше 8400 америкалық әскери қызметкер Ауғанстанда жұмысы жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Обаманың президенттік уақыты биыл қарашада бітеді. АҚШ жыл соңына дейін Ауғанстан территориясында 5500 жауынгер қалатынын мәлімдеген.

Ақ үйде сөз сөйлеген Обама Ауғанстандағы жағдай әлі тұрақтанбағанын және "Талибан" содырлары тарапынан қауіп мол екенін айтқан.

АҚШ президенті "ауған әскерилерінің саны елдегі жағдайды реттеуге жеткіліксіз" деп мәлімдеді.

Ауғанстанда америкалық әскерилердің негізгі қызметі жергілікті полиция мен солдаттарды оқыту, антитеррористік операциялар қимылын үйрету болмақ.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG