Accessibility links

"Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің 2-кезеңіне өтті


"Қайрат" футбол командасы (Сурет команданың ресми сайтынан алынды)

"Қайрат" футбол командасы (Сурет команданың ресми сайтынан алынды)

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің бірінші раунды аяқталды. Іріктеуге қатысқан қазақстандық үш клубтың тек біреуі ғана екінші раундқа өтті.

Алматылық "Қайрат" өз алаңында албаниялық "Теута" командасын 5:0 есебімен жеңді. Албанияда өткен бірінші матчта да "Қайрат" 1:0 есебімен басым түскен. Қос матч қорытындысы бойынша "Қайрат" екінші кезеңге шықты. Енді алматылық клуб "Маккаби Тель-Авив" (Израиль) клубымен ойнайды.

Ал "Ақтөбе" командасы қос матч қорытындысы бойынша венгриялық "МТК" клубынан 3:1 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.

Шымкенттің "Ордабасы" клубы сербиялық "Чукарички" командасынан екі матчта 6:3 есебімен ұтылып, екінші кезеңге шыға алмады.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 14 шілдеде, қарымта матчы 21 шілдеде өтеді.

XS
SM
MD
LG