Accessibility links

Шведова Wimbledon жарысының 1/2 финалына шықты


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Лондонда өтіп жатқан Wimbledon турнирінің жұптық және микст (ер және әйел теннисшінің жұбы) жарыстарының жартылай финалына шықты.

Әйелдер арасындағы жұптық жарыста венгриялық Тимеа Бабошпен бірге ойнап жатқан Шведова ширек финалда әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Сания Мирза мен Мартина Хингисті (Үндістан және Швейцария) 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Ал ер және әйел теннисші жұптасып ойнайтын микст сынында Шведова пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге ширек финалда Катарина Среботник пен Марцин Матковскиді 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңді. Енді Шведова мен Куреши жартылай финалда ойнайды.

Шведова Лондондағы жарыстың жекелей сынында ширек финалында америкалық Винус Уильямстан жеңіліп қалған.

XS
SM
MD
LG