Accessibility links

Ирактағы шииттер мавзолейінде жарылыс болды


Мавзолейдегі жарылыс. 7 шілде 2016 жыл.

Мавзолейдегі жарылыс. 7 шілде 2016 жыл.

7 шілде кешкісін Бағдаттың солтүстігінде орналасқан Балад елді мекеніндегі шииттер мавзолейінде болған жарылыстан 20 адам мерт болып, 30 адам жарақаттанған.

Көлікке мінген жанкешті мавзолей қақпасының алдында өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыстан кейін бірнеше қаруланған адам мавзолей территориясына кіріп, іште жүрген адамдарды атқылаған.

«Ал-Арабия» арнасының мәлімдеуінше, полиция шабуылдаушыларды өлтірген.

XS
SM
MD
LG