Accessibility links

Тәжікстанда тағы бір имам ұсталды


Худжандтағы мешіттердің бірі
Худжандтағы мешіттердің бірі

Тәжікстан қарулы күштері елде тыйым салынған "Мұсылман бауырластар" ұйымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Тәжікстан полициясы Худжандтағы орталық мешіт имамының орынбасары Орифджон Эргашев Сұғда облысының милициясына өз еркімен берілген. Оның үстінен экстремизм бабы бойынша іс қозғалды.

Тәжікстан қарулы күштерінің мәлімдеуінше, Эргашев бірнеше ай бұрын Дубайға кетіп, ол жақтан Ресейге барған. Кейін "Тәжікстанда "Мұсылман бауырластар" ұйымына мүше болғанын мойындап, кешірім сұрағандарға жаза қолданбайды" дегенді естіген соң Эргашев елге қайта келген.

Маусымда елде "Мұсылман бауырластар" ұйымының жұмысын насихаттады деген айыппен жеті имам үш жылға сотталған.

Тәжікстанда "Мұсылман бауырластар" ұйымының қызметіне 2006 жылы тыйым салынған. Бірақ қазірге дейін бұл ұйымға мүше болды деген айыппен қамау оқиғасы өте сирек кездеседі.

"Мұсылман бауырластар" - 1928 жылы Египетте құрылған халықаралық діни-саяси ұйым. Ұйым көп елде террористік деп танылып, тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG