Accessibility links

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" журналисті босатуға шақырды


Журналист Сапармамед Непескулиев.
Журналист Сапармамед Непескулиев.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" Түркменстан билігінен журналист Сапармамед Непескулиевты босатуға шақырды.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" президенті Томас Кент Непескулиевты қудалауды "өрескен әрекет және адамгершілікке қарсы" деп атады.

"Азат Еуропа/Азаттық радиосы" түркмен қызметінің штаттан тыс тілшісі Непескулиев бір жыл бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен. Кейін оның қамауға алынғаны анықталды. 2015 жылы 31 тамызда жабық түрде өткен сотта оны есірткі сақтады деп айыптап, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Непескулиевтың қайда қамауда отырғаны белгісіз. Оған адвокаттарды жібермейді.

Құқық қорғаушылар Непескулиевтың сотталуында саяси астар бар дейді.

XS
SM
MD
LG