Accessibility links

ҰҚК: Ақтөбедегі шабуылдың тергеу жұмыстары құпия сақталады


Жаманқұлов көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан бесқабатты отбасылық жатақхана алдында тұрғын полиция көлігі. Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл.

Жаманқұлов көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан бесқабатты отбасылық жатақхана алдында тұрғын полиция көлігі. Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбедегі терактінің сот алдындағы тергеу жұмыстары құпия сақталатынын мәлімдеді.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG