Accessibility links

НАТО: Еуропадағы зымыраннан қорғану жүйесі әзірлікке келтірілді


Солдан оңға қарай: Украина президенті Петр Порошенко, АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель НАТО саммитінде әңгілемесіп тұр. Варшава, 8 шілде 2016 жыл.

Солдан оңға қарай: Украина президенті Петр Порошенко, АҚШ президенті Барак Обама, Германия канцлері Ангела Меркель НАТО саммитінде әңгілемесіп тұр. Варшава, 8 шілде 2016 жыл.

НАТО бас хатшысы НАТО елдерінің біріне жасалған шабуыл осы одаққа мүше елдердің бәріне жасалған шабуыл болып саналатынын мәлімдеді.

Варшавадағы саммитте НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропадағы зымыраннан қорғану жүйесі "бастапқы әзірлікке келтірілгенін" мәлімдеді. Бірақ ол бұл әзірліктің қорғаныс сипатында ғана екенін ескертті. Испаниядағы АҚШ кемелері мен Түркиядағы радиолокациялық станция және Румыниядағы қағып түсіруші зымырандар бұдан ары НАТО басқаруына өтеді.

НАТО елдері басшылары Варшавадағы саммитте Литва, Латвия, Эстония және Польшада әскер орналастыруға келісті. Әрқайсысы бір мың жауынгерден тұратын төрт халықаралық батальон Ресей басқыншылығынан сақтанып отырған Польша мен постсоветтік елдерге қолдау көрсету үшін қойылмақ.

НАТО мүшелері мұнан бөлек, Ресеймен өзара сенімді қайта қалыптастыру тұрғысындағы келіссөздердің жалғаса беретінін айтты. 2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистермен соғыс басталғалы Ресейге сенім азайып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG