Accessibility links

НАТО саммиті: АҚШ Польшада әскер орналастыратынын растады


НАТО саммитіне қатысушылар.
НАТО саммитіне қатысушылар.

АҚШ президенті Барак Обама Варшавада өтіп жатқан НАТО саммитінің бірінші күні Польшада мың жауынгерден тұратын батальон орналастыратынын растады.

АҚШ басқаратын батальон "Сувалки дәлізі" аталып кеткен аймаққа орналасуы мүмкін. Бұл аймақ - Беларусь пен Ресейдің Калининград облысы арылығында, Польша мен Литва шектесетін жер. Бұл аймақ стратегиялық жағынан аса маңызды шеп болып саналады. Өйткені, Ресеймен қақтығыс болған жағдайда Ресей әскері Балтық елдерін осы "дәлізді" басып алу арқылы НАТО-дағы одақтастарынан бөліп тастауы мүмкін.

Ресей шекарасына жақын жерлерде НАТО әскерлерін орналастыру туралы шешім екі жыл бұрын Уэльс саммитінде қабылданған еді. Ол шешім бойынша НАТО жасақтарын Эстония, Латвия, Литва, Польша және Румынияда орналасатын болған. Бұл әскерлер НАТО-ға мүше кез келген елге екі күн ішінде көмекке келе алады.

Альянс басшылығы мұндай шешімін Ресейдің Грузиямен соғысуы, Қырымды аннексиялауы және Украинаның шығысындағы қақтығысқа араласуы Кремльден шығып жатқан соңғы қатер болмауы мүмкін деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG