Accessibility links

Сеул Солтүстік Кореяның зымыран сынағы сәтсіз болғанын хабарлады


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын сүңгуір кеменің перископынан қарап тұр. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын сүңгуір кеменің перископынан қарап тұр. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Кореяның әскери басшылығы шілденің 9-ы күні Солтүстік Кореяның сүңгуір кемесі жасаған баллистикалық зымыран сынағы сәтсіз болғанын, зымыранның атылған бетте істен шыққанын хабарлады.

Бұл сынақ Солтүстік Кореяның ядролық оқтұмсықты нысанаға жеткізу технологияларын жетілдіру жолында жасаған соңғы сынағы болған.

Бұл сынақ АҚШ пен Оңтүстік Корея Пхеньян тарапынан төнетін зымыран қаупінен қорғану жүйесін орнату туралы келіскеннен бір күннен кейін жасалған.

Бір апта бұрын АҚШ Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынды адам құқықтарын бұзатын тұлғалардың "қара тізіміне" қосқанын мәлімдеген еді. Оны Пхеньян "соғыс жариялау" деп, қатаң түрде жауап беретінін хабарлаған.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Солтүстік Кореяның зымыран сынауын "БҰҰ қарарына ашық қарсы шығу" деп бағалаған.

Солтүстік Корея биыл қаңтардан бастап бірнеше ядролық сынақтар жасады. Келесі айда тағы бір зымыран ататынын хабарлап отыр.

БҰҰ Солтүстік Кореяға алыс қашықтыққа атылатын зымыран сынағаны үшін қатаң санкциялар салған еді.

Пхеньян сәуір айында зымыран сынағын жасап, оның "сәтті болғанын", "ядролық шабуыл жасаудың тағы бір құрылғысына қол жеткізгенін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG