Accessibility links

Британия Brexit жайлы референдумды қайталап өткізбейді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі елдің Еуропа Одағына мүшелігіне қатысты референдумды қайта өткізу туралы петицияға байланысты өз ұстанымын жариялады. Форин-офис 2016 жылы маусымның 23-і күні өткен референдум қорытындысын билік құрметтеуі тиіс деп мәлімдеген. Референдумды қайта өткізу туралы интернетте жарияланған петицияға осы кезге дейін Біріккен Корольдіктің төрт миллионнан астам тұрғыны қол қойған.

23 маусымда өткен референдум нәтижесі бойынша, оған қатысқандардың 52 пайызы Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығуын қолдаса, 48 пайызы – қарсы дауыс берген. Референдум өткен соң көп ұзамай интернетте референдумды қайта өткізу жайлы петиция жарияланып, оған қол қоюшылар қатары жылдам көбейе бастаған. Петицияға қол қойғандар саны 100 мың адамнан асып кеткендіктен, ол енді британ парламентінде талқыланатын болады.

XS
SM
MD
LG